Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары




НазваниеІіі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары
страница9/35
Дата конвертации07.11.2012
Размер4.82 Mb.
ТипДокументы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35

РАЗВИТИЕ НЕВРОТИЧЕСКИХ РЕАКЦИЙ У ДЕТЕЙ И ПОДРОСТКОВ



Ж.Н.Сартаев, Г.Х. Абеуова,

М.А. Журын, Г.Б.Жусупова

Центр восстановительного лечения детей с поражением нервной системы,

университет «Кµкше»


Выявление невротических реакции у детей и подростков определились по классической методике: астеническому, обсессивно-фобическому и истерическому типам. В клинической картине на первом месте проявляются астенические реакции, что сопровождаются психической и физической утомляемостью, снижением работоспособности. Повышенная психическая истощаемость сочеталась с чрезмерной возбудимостью. К частым астеническим симптомам относятся головные боли, головокружения, слабость и многообразные соматовегетативные расстройства (нарушение функции сердечно-сосудистой системы, желудочно-кишечного тракта и др.). К астеническим реакциям у детей приводят непосильные нагрузки, перегрузки, а также выявляются у детей, которые находятся в психотравмирующей ситуации (разводы родителей в семье, жилищные условия, осложненные роды, увлечение алкоголем и наркотиками и др.). Чаще эти невротические реакции астенического характера возникают у детей со слабым типом нервной системы или перенесших длительное время болезни.

Комплексы ведущих симптомов обсессивно-фобических реакции имели следующие особенности: повторяющиеся назойливые, неотступные мысли – мелодии, стихотворения, сомнения, воспоминание и др., страх закрытых помещении, высоты, покраснеть в обществе, заболеть какой-либо болезнью.

Из истерических реакции часто регистрировалась кратковременное утрате речи или потеря голоса, «комок» в горле, рвота или тошнота при волнениях, повышенная внушаемость и самовнушаемость. С клинической точки зрения истерии присущи соответственно вегетативные и сенсомоторные расстройства.

Обсессивно-фобические и истерические реакции возникали в меньшей степени, но встречались.

Особенности этого возраста являются благоприятной почвой для развития пограничных нервно-психических расстройств. Интенсивное формирование невротических реакций в этом возрасте объясняется тем, что в эти годы человек проходит этапы роста и созревания, которые определяют развитие организма и уровень преобразования личности. Возникновение невротических реакций свидетельствует о недостаточном развитии определенных систем организма, психики. Не случайно соответствующие морфофункциональные системы мозга именно в эти периоды оказываются наиболее чувствительными к воздействию неблагоприятных условий внешней и внутренней среды.

Профилактика невротических реакций должна опираться на достижения психологии и деонтологии. Психологический аспект предупреждения неврозов – важный элемент профилактики, требующий высоких индивидуальных качеств воспитателей, педагогов, врачей.

Система первичной профилактики невротических реакций должна учитывать семейно-бытовые обстоятельства. Для этого необходимы улучшения жилищно-бытовых условий, предупреждение алкогольной и семейно-бытовой невротизации детей, подростков, юношей; воспитание в раннем детстве волевых качеств, практических навыков по преодолению трудностей, широкое разъяснение основ психогигиены семьи, брака и др.

Таким образом, появление у детей и подростков невротических реакций является началом развития нервно-психических расстройств и эти дети нуждаются в проведении психопрофилактических мероприятий в дошкольных и школьных учреждениях.


СЕЙТЕН САУЫТБЕКОВТЫЊ ОЌУШЫЛАРЃА АРНАЛЃАН МАЌАЛ-МЄТЕЛДЕРІ

С.С.Жетпісқалиев,

«Көкше» университетінің доценті


Мақал-мәтелдерді ауыз әдебиетінің мұраларына жатқызсақ та, оларды да бір кездері орақ тілді, от ауызды, әлдебір шешеннің шығарғаны белгілі.

Көш бастау қиын емес


Қонар жері белгілі.

Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ, – деп Бұхар бабамыз айтқандай сөз сайысы қызып, азулылар айтқан сөз ақ алмастай айқасқан тұста қиыннан қиыстырып, топан судай тасқындаған сөз-шабуылға тосыннан көлденең уәж айтып, жартасқа соғылғандай етіп, тоқтату үшін айта білу қажет-ақ. Осындайда айтылған аталы сөз ел ішіне лезде тарап, кейін әр кезде, әр жерде шешеннің қажетіне қарай жетілдіріліп, толықтырылып, сәл-пәл өзгеріске ұшырап қолданыла береді. Сөйте-сөйте сүзгіден өтіп, сұрыпталып, сымбаттана түседі. Сөйтіп барып, мақал-мәтел белгілі бір халықтың өмірде көрген-білгенінен жасаған қорытындысы, ақыл-ой түйініне айналады.

Көлемі шағын, мазмұны бай, тілі көркем ауыз әдебиетінің осы жанры жаттауға жеңіл, қолдануға оңтайлы, айтылар жерінде тіл ұшына орала береді. Осы ата-бабадан қалған, орынды айтылған оймақтай сөзге жас та, кәрі де тоқталады, мойынсұнады.

Айтулы ақын-жазушыларымыздың бір ауыз оңтайлы, орынды айтылған сөздерінің мақал-мәтелге айналып кетуі заңды да. «Өнер алды – қызыл тіл» деп тебіренген қазақ қадап айтқан сөзді қағыс қалдырмайды. Інжу-маржанды су түбінен тауып алады.

«Мақал дейді, – белгілі ғалым Белгібай Шалабаев «Мақал, мәтел» атты очеркінде: – тағлым берерлік, ырғағы бар, тәжірибеде көп қолданылатын бейнелі, қысқа, нақыл сөйлем… Мәтел дегеніміз де өнеге берерлік бейнелі, ырғағы бар сөйлем. Мұның мақалдан айырмашылығы – мағынасы ашық болмай ишарамен айтылатындығы, сөйлемнің толымсыз болып келуі». Б.Шалабаев осы зерттеуінде қазақ мақал-мәтелдерін малшылық, аңшылық және егіншілік сияқты негізгі үш тақырыпқа бөліп талдайды, мақал-мәтелдердің жанрлық ерекшеліктеріне тоқталады.

Ал, Мәлік Ғабдуллин «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» дейтін оқулығында: «Ең алдымен, әлеуметтік жағынан алғанда, мақал – үлкен толғау, образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы болып келеді, ол адам өмірінде, тұрмыс-тіршілігінде, қоғамдық жағдайларда кездесетін құбылыстарға, тарихи уақиғаларға берілген даналық баға, байсалды тұжырым есебінде қолданылады. М.Горькийдің «Мақал мен мәтел еңбекші халықтың тарихын, әлеуметтік, барлық өмір тәжірибелерін үлгілі, қысқа түрде айтып береді» деуі де содан», – деп түйеді. Қазақ ауыз әдебиетінің ең аз зерттелген екі саласы – мақал-мәтелдер мен шешендік сөздердің жанрлық табиғаты жөніндегі «Халық даналығы» деп аталатын кітабында Балтабай Адамбаев: «Мақал мен мәтел – егіз жанр, туыс жанр. Дегенмен мағынасына, құрылысына, атқаратын қызметіне қарағанда өзіндік айырмашылықтары бар. Мақал аяқталған бір тиянақты ойды білдіреді, өз алдына тұрып та дербес мағына береді» деген пікір айтады.

«Мақал мен мәтел – қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы, халықтың тұрмысын, кәсібін, салтын дүниеге көзқарасын бейнелейтін шағын поэтикалық жанр» деген пікірді де Б.Адамбаевтың осы кітабынан жолықтырамыз.

Осы орайда, мақал-мәтелдерді жанрға бөлуге кеңес заманында шыққан кітаптарда «совет фольклористикасының» тезіне салып бұра тартудың болғандығын ескерте кеткен жөн. «Ескішіл», «ұлтшыл», «феодализмді көксеуші» болып көрініп қалмауды көздеген ғалымдар амалсыз ата-бабадан қалған асыл мұраны да саясаттандырды. Бір бөлегін «үстем тап өкілдерінің жоғын жоқтаған» қылып, енді бір бөлегін «Октябрь революциясына дейінгі кезең, одан кейінгі кезең» деп бөлуге мәжбүр болған. Соған қарамастан кеңес кезеңінде де Ө.Тұрманжанов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Б.Шалабаев, С.Нұрышев, М.Әлімбаев, Б.Адамбаев сияқты халқымыздың дарынды ұлдары мақал-мәтелдерді жинақтап, мән-мағынасын ашып, қолдану аясын кеңейтуге ұланғайыр іс тындырды. Ал, жалпы қазақ мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсіруші ғұлама ғалым Шоқан Уәлиханов болып табылады.

Біздің мақал-мәтелдердің зерттелуі мен оларды жанрларға бөлу, жалпы табиғаты мәселесіне қысқаша шолу жасағандағы мақсатымыз «Сейтен Сауытбековтің оқушыларға арналған мақал-мәтелдері» деп атаған зерттеу мақаламызға апарар соқпақ салу.

Сонымен, о баста қай-қай мақалдың да авторы болғанын айттық. Оны айтушының да осал адам болмағанын, көпті көріп ой түйген көсемдігіне қоса, орақ тілді шешен болғанына тоқталдық. Ендеше, біз мақал-мәтелдерін зерттеу объектісі етіп алған автордың кім болғаны, қадір-қасиеті туралы да бірер ауыз тоқтала кетелік.

1908 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген Сейтен Лиманұлы Сауытбеков әуелі сауатын бес жасында, әкесі Лиман молладан ашады. Білікті әке баласын араб, түркі тілдеріне, бірнеше тілге бірден үйретеді. Зерек бала сабақты қиынсынбай тез меңгеріп, игеріп әкетеді. Түрікше, парсыша, арабшаны еркін біліп алған баланы содан кейін барып, совет мектебіне оқуға береді. Бір ғажабы кейін, өмір бойы совет мектебінде, институтта оқып, совет мектебінде 42 жыл қызмет істеп зейнеткерлікке шыққанда да бала кезіндегі оқыған-түйгенін ұмытпаған. Жадын қайта жаңғыртып, тіпті зейнеткер жасында тіпті жаңа тілдерді үйреніп, сол тілдерден қазақ тіліне аударма жасап, он бір жыл Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорында табанды қызмет атқарады, 2206 шет тілдеріндегі кітаптардың қай елден, қай жылы, қай баспадан шыққандығы, ол кітап не туралы, қандай мәселеге көтеріледі деген сұрақтарға жауап беріп, түсініктемелер жазып, төрт елі кітап дайындайды.

Сейтен Сауытбеков туралы 1968 жылы жазған «Сейтен сазы» атты мақаласында академик-жазушы Сәбит Мұқанов оның жастарға 15 жасынан білім беру жұмысына араласқанын, жиырмасыншы жылдардың бел ортасында республикадағы сауатсыздық пен шала сауатсыздықты жою жорығына қатысқанын жазады. С.Сауытбековтың сол 15 жасынан бергі ғұмыры ұстаздықпен өтеді. Арада Ұлы Отан соғысына қатысып, оның ауыр күндерін басынан кешіргені бар. 42 жыл ұстаздық еткен Сейтен Сауытбеков 30 жылдан астам Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауданындағы «Балуан» ауылындағы орта мектепте директор болады. Бұл тұста осы мектеп бүкіл республикаға танымал болып, оның базасында бірнеше мәрте республикалық семинарлар өтеді. Сондай-ақ, С.Сауытбековтың республикалық «Балдырған» журналына әңгіме, ертегілері, «Жұлдыз» журналына ғылыми мақала, естелік, ел-аузынан жиған деректері, облыстық, аудандық газеттерге очерктері мен поэмалары жарияланып тұрады.

Балуан ауылы мектебінің ел алдындағы абырой-беделі өте жоғары болады. Әрине, 42 жыл ұстаз болған адамның шәкірттерінің де жүздеп саналары белгілі. Ол ел ағасы ретінде ауыл арасының дау-дамайын шешіп, ел іші проблемаларын жоғары жаққа ұшқыр қаламымен де, өткір тілімен де жеткізіп отырады.

Жоғарыда айтқанымыздай, кейін, зейнеткерлікке шыққаннан кейін Алматы қаласына қоныс аударып, әдеби қызметке, аударма ісіне ден қояды. Балаларға арналған «Өс, бөбек!», «Үлес», «Ақ көңіл», «Ақазу арлан» атты кітаптары, «Өртенген өлең» атты деректі повесі, «Тағылым тегі» атты этнопедагогика тақырыбына арналған оқулық кітабы «Жазушы», «Жалын» сияқты орталық баспалардан жарық көреді.

Мұның бәрін тәптештеп, мақала тақырыбына белден басып кірісіп кетпей отырғанымыздың да өзіндік мәнісі бар. Тоқсан жылға таяу ғұмыр кешкен ақын, балалар жазушысы, он бес тіл білген аудармашы, 42 жыл мұғалім болған ұстаз, қарт абыздың жас шәкірттерге арнап мақал-мәтелдер туындатуы әбден лайық еді. Бала психологиясына жетік, мінез-құлқының қалтарысын, әдет-қылықтарын жазбай білетін ұстаз қаламынан туған мақал-мәтелдер арнайы мектеп оқушылары үшін, балалар үшін жазылған. «Жазушының қандайы болса да тақсірет тартады…» деп белгілі әдебиет сыншысы Зейнолла Серікқалиев айтпақшы басынан не бір қилы заманды өткерген, «халқым» деген үлкен жүректі азамат, мейірбан әке, ұлағатты ұстаз қазақтың құнарлы тілін тәрбие ісіне тәлімді пайдаланады. Және «кәсіби мақалдар» демекші, ұстаздық, мұғалімдік ол кісінің кәсібі еді.

Енді, қолымызға жазушының 1974 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Өс, бөбек!» атты кітабын алып, «Нақылдар мен ақылдар» деген бөліміне тоқталайық. Кітаптың идеясы тақырыбында-ақ тұр – бала тәрбиесі, баланы жасынан тәрбиелеп өсіру. Осы идеяны автор әр жанрдағы кітапқа енген шығармалары арқылы өрнектеп ұсынса, бұл бөлімдегі тіпті нақты, әрқайсысын алып, талдап, тәрбие ісіне пайдалана беруге болады.

Өтірікші өсекшімен дос болар,

Жалған айтса, көңілдері хош болар.

Рас. Өтірігі шығып қалып, сыныптары алдында ұятқа батқан баланың адал, турашыл ортадан жасқанып, мұрнының астынан күңкілдеген, жеккөрініштілеу, өсекші балаға жақындап, «пана» іздеп, дос болуы кездеседі. Сөйтіп, оның бойындағы жаман ғадет жойылып кетпей, бір түкпірден қолдау табуының арқасында біраз уақытқа ғана «бұғып» қалады. Мақалдың мақсаты өтірікші баланың өз кінәсін достарының алдында шын мойындап, кешірім сұрап, одан кейін олардың бел ортасында ашық-жарқын, шыншыл болып жүруін құптау. Әйтпесе, өтірікші өсекшімен дос болып опа таппайтынын ескерту. Бұл кінәлі болғанның өзі үшін де, оны тәрбиелеуші мұғалім, ата-ана үшін де ескерерлік жағдай.

Талапты бала талықпас,

Ізденуге жалықпас.

Мектепте тек қана оқу бағдарламасын ғана игеріп, жаңа тақырыпты тек қана оқулықтың бір параграфы төңірегінде ғана біліп қоймай, өз бетімен ізденіп, талаптанудан жалықпайтын балалар болады. Бұл балалар тек қана бағдарламаны игеріп «үздік» атанып жүргендерден ілгерілеу. Бұл бала, мүмкін, болашақ ғалым, қоғам қайраткері. Сондықтан, мұғалімнің ондай баланың ұмтылысын аңғарып, атын бөлек айтып, жаңағыдай мақалдармен ынталандырып отыруы жөн.

Ерке бала – ерсі бала,

Еліктемес көрші бала.

Шынын айта кету керек, халқымызда талай бала отбасында ерке болғандықтың таяғын жеп-ақ жүр. «Жалғыз ұл», деп, «Баланың кішісі» деп, «Атасынан айнымаған» деп, әйтеуір бір сылтау тауып, қазекем баланы бетінен қақпай, қатты еркелетеді. Осындай еркелік баланың бойына сіңіп, мінез-құлқы бұзылып, өзін-өзі де, өзгені де әбігерге салып жүреді. Оның бойына сіңген ерсі қылықтарын қойдыру аса қиынға соғады. Ал оған еліктеу өзге балалар мінез-құлқына да кері әсер етері сөзсіз. Сондықтан, мұғалім ондай ерке баланы кім болса соның жанына отырғыза салмауы ескертіліп тұр. Ондай ерке, ерсі баланың жанына мінез-құлқы бірқалыпты, орнықты, ол баланың ығына жығылып, ыңғайына көнбейтін, ырықты баланы отырғызу керек. Оған еліктеуге болмайды, керісінше көршісіне ол еліктесін, тәртібі жақсы болып, сабағын үздік оқысын, мұғалімнен мақтау естісін. Міне, бір ауыз сөз айтқан уәж осындай.

Әдепті бала әдетті,

Тентек бала әлекті.

Осындай жауап айтылған сөз әдепті баланы қуантса, әдепсіз, тентек баланы ұялтары сөзсіз. Қашан болсын бүйректен сирақ шығарып, бірдеңе бүлдіріп жүретін тентек баланың бетінің отын шығармас па? Ол да бұдан бұлай бойын тартып жүруге ұмтылар.

Тоғышар бос жүруге ынтығар,

Болар бала еңбекке ұмтылады.

Өз болашағына жауапсыз, алтын уақытын босқа өткізіп, елтең-селтең жүретін балаларға бұл мақалды тақтаға жазып тұрып, талдаса, үлкен сабақ болары кәміл. Бүкіл сынып алдында оның атын атамаса да, ол өз мінін өзі көріп, түзелуге ұмтылары кәміл. Ал еңбекке ұмтылған баланың құлшынысы бұрынғыдан да арыта түсер.

Ойланып өзінше ойлы сұрақ қойған,

Зирек бала, ұстазға құлақ қойған.

С.Сауытбековтің осы мақалының да үлкен педагогикалық біліктіліктен туғандығын аңғарамыз. Сабаққа жақсы, ынталы болса да кей бала жуастығына басып, мұғалімге сұрақ қоюға жасқанады. Оны өзінің дұрыс ұқпай қалған білімсіздігі, таяздығынан, немесе, сабақ үстінде тәртіп бұзып, алаңдап отыруынан деп ұғып, өзін кінәлі сезінеді. Ал ақын-ұстаз бұл жерде болашағы бар баланы осы ыңғайсыздық сызығынан ары аттатып, білімге жолын ашып, мінезінің «мүкісін» жойып тұр. Мұғалімге ойлы сұрақ қойған деген ұстаз сөзіне құлақ қойды, зейін қоя тыңдады деген сөз, сондықтан білмегеніңді сұрап алғанның еш әбестігі жоқ. Бұл мақалды жете талдап, айтылған ойды оқушы санасына сіңірудің маңызы зор.

Нашар оқып, оқуға түсе алмаған,

Қанатсыз құс сияқты ұша алмаған.

Мектепте сабақты үздік оқып, сынақтан өтіп, жоғары оқу орнына барып түсу дегеніңіз үлкен бір асудан асу, үлкен табысқа қол жеткізу. Бұл оның ата-анасы үшін де, мектеп мұғалімдері үшін де үлкен қуаныш. Бала өзін тәрбиелеп өсірген ата-анасы мен ұстаздарына осындай қуаныш сыйлауға ұмтылуы керек. Ал, артынып-тартынып барып, оқуға түсе алмай, қайтып келу кімге абырой. Бұл айтылған сөз оқушылардың уақытты зая жібермей, жоғары оқу орнына түсуге ерте қамдануы керектігін алға тартады, ескертеді. Мұны ұққан баланың алда ата-анасы мен ұстаздарының алдында ұятқа қалмауын ойлап, қамдануына бастайды. Тек бұл мақалды оқытып-үйретіп, мән-мағынасын ашып, дер кезінде ұсына білу керек.

Жасында жалыны жоқтың,

Қартайғанда қаруы жоқ.

Демек, жастық шақта жалындап жүріп, өнер-білім жинап, іс тындыру керек. Жастығы жәй кеткен адамның қартайғанда қандай қаруы болмақ. Бұл жерде ақын «қаруы» деген сөзді «білімі, білігі, абыройы, айбары» деген сөздің баламасы ретінде айтып тұр.

Қысылғанда батырың,

Есіне алар атасының ақылын.

Иә, тілазар бала атасының айтқанын сол бойда орындай қоймайды ғой. Бірақ, атасы жәйдан-жәй айтпайды, білгесін айтады. Өмірден көргені бар, көргеннен түйгені бар. Міне, бала сүрініп, маңдайын тасқа соққанда барып, атасының айтқанын есіне алар. Тілазардың ісі осы. Ұятты, ақылды бала атасының айтқанын екі етер ме? Сондықтан, үлкеннің айтқанына өмірден таяқ жемей-ақ, ден қойған дұрыс.

Анасының қарғысын алған,

Атасының алғысын алмас.

Осы тақылеттес мақалдар қазақта бұрын да бар. Ал ақынның бұл мақалы бүгінгі өмірімізге, күнделікті өміріміздегі қисынсыз жағдайларға тым жақын. Әкесі еркелетіп, есіртіп жіберген кейбір балалардың туған анасының да сөзін құлаққа ілмей, қатты қайғыртатыны болады. Сөйтіп, есіріп жүріп анасының қарғысын алғандар, атасының алғысын қайдан алсын. Бұл, тегі, үлкенге де кішіге де қарата айтылған сөз болса керек.

«Өс, бөбекте» бір-бір сөйлеммен берілген мәтелдер де көптеп кездеседі. Бірақ сол қысқа қайырылған сөйлемнің де тәрбие ісінде салмағы орасан.

«Ғылымның ғибраты ғасырға жетер».

Бұл ой «Осы ғылымы түскірдің соңына түсіп қайтем, ол маған не береді, жастық шағым – жалынды шағымды шұқшиып ғылыммен өткізіп қайтем?» дегенде жауап болса керек.

«Аңғырттың арманы – асық».

Алды-артын ойламай, ертеңгі сабаққа дайындалуды ысырып қойып, асық ойнауға асыққан баланы бұл сөз тоқтатпас па?

«Жеңілтек жазым жұмыстың жетегінде жүрер».

Бұл мәтел мінезі жеңіл, ұшқалақ баланың аңғармай әр істің соңында жүріп, ақыры бір пәлеге душар болып қалуынан абайла, дегенді ескертеді. Білмейтін іске бас сұғу қауіпті, жауапкершіліксіз желпеңдеп кірісіп кету жөн емес, дегенді бала құлағына сіңіре беру дұрыс.

«Емтиханда енжардың есі кетер».

Көктемгі мемлекеттік емтиханға дайындықтың басқы кезеңінде осы мәтел көлденең тартылып, қайта-қайта алдынан шыға берсе, небір кер жалқаулар есін жинап, кітап бетін аша бастар-ау.

«Ұмытшақ дегенше, ұқыпсыз де».

Мектепте оқушының «Ұмытып кетіппіні» көп кездеседі. Ал ондай балаға «ұқыпсызсың» десең, орынсыз үлкен кінә тағылардай. Педагог жазушы осы екі ұғымның арасын ашып, шындықтың бетін ашып беріп отыр. Ол бала неге ұмытшақ, өйткені ол ұқыпсыз. Ұқыпты болса ұмытпас еді. Бүгінгі сабақтың дәптерін, оқулығын алып келген болар-ды. Ұмытшақ оқушының ата-анасымен сөйлескенде осы пікір айтылса, немесе, күнделігіне жазылып жіберілсе, екіжақты әсер, тәрбие арқылы оқушының ұқыптылығын арттыруға ықпал етуге болар.

«Ұғымсыздық – ұшқалақтықтың қырсығы» дейді ұлағатты ұстаз. Бұл мұғалімдік бақылаудан туған мәтел. Мәселен, мұғалім жаңа тақырыпты бар өнерін салып, еңбектеніп, баяндап шықты. Бар бала сабақты түсінді, бір-ақ бала ұқпай қалды. Неге? Өйткені, ол ұшқалақ. Байыз тауып отыра алмай, алаңдады, жан-жағына қарады, өйтті-бүйтті, әйтеуір зейін қойып тыңдамады. Сондықтан да жаңа сабақты ұқпады емес пе? Демек, ол ұғымсыз, сабақ қонбайтын, ақылы шолақ емес, мінезі орнықсыз, ұшқалақ бала. Оның осы мінезін түзеу керек.

Міне, біз әйгілі педагог, тоқсан жасаған абыз ақын Сейтен Сауытбековтің мектеп жасындағы балалар үшін арнайы жазған мақал-мәтелдерінің бірқатарына тоқталдық. Сырттай қарағанда қарапайым ғана көрінетін туындыларының әрқайсысының астарында айшықты ой, мұғалімге әдістемелік көмек, ісіне пайда боларлық пікірлер жатқанын аңғартуға күш салдық. Ал, оның осы тақылеттес толып жатқан мұраларын сабаққа, тәрбие ісіне біліктілікпен, шығармашылықпен пайдалана білу әр мұғалімнің өз ісі болмақ.


М¦ЃАЛІМ – МЄЊГІ Н¦РДЫЊ ЌЫЗМЕТШІСІ


Оразбекќызы Р.Р.,- КМУ жанындаѓы кµпсалалалы

колледждіњ педагогика жєне этнопедагогика

пєнініњ оќытушысы


Аты елге мєшћ‰р, ±стаз, балалар жазушысы, Ќазаќ ССР-іне ењбегі сіњген м±ѓалім, аќын, суретші, соѓыс ардагері, шыѓыс тілдерін зерттеуші- Сейтен Лиман±лы Сауытбековтыњ шыѓармашылыќ ењбектерін оќи ж‰ріп, шєкірттерге оќыта ж‰ріп, терењ ойѓа ќалдым. Кењес ‰кіметініњ жµн-жосыќсыз араласу салдарынан, ќазаќ ±лтыныњ кµптеген салт-дєст‰ріне сызат т‰сіп, кейбіреуі жойылып та кете жаздаѓаны ешкімге де жасырын емес ќой. Ал, Сейтен ±стаз болса, халыќ педагогикасын шєкірттерініњ бойына берік сіњіруші к‰рескер, ќайраткер, дарынды т±лѓа болѓанын барлыќ ±стаз ќауымын с‰йсіндіруі керек деп есептеймін.

Халќымыздыњ сан ѓасырлар бойы µзін-µзі саќтап келген тєлім-тєрбиелік ќаѓидаларын ќайта ж‰зеге асырып, білім-тєрбие саласына ±тымды ендіре білу ‰шін, алдымен жаќсы оќушы даярлайтын - м±ѓалім т‰зелу керек. ¦стаздардыњ барлыѓын дерлік, ќай пєнніњ болсын этнопедагогикалыќ даярлыќтан µткізіп, ќолдарына сертификаттар берілуі ќажеттігі туындаса, єдістемелек ж±мыстар ж‰йесінде барлыќ сабаќ кезењінде халыќ педагогикасына байланысты элементтер ќолданылуы ±стаздарѓа міндеттелсе ѓана, мемлекетіміз ±сынып отырѓан, жеке т±лѓа, яѓни, µзіндік кµзќарасы мен т±жырымы бар, ел, µлке тарихын білетін ±лтжанды, логикалыќ ой-µрісі жоѓары, кµптілде ауызша-жазбаша сµйлеу мєдениеті , танымдыќ кµзќарасы ќалыптасќан ѓылыми-шыѓармашылыќ ж±мыспен айналысатын, салауатты µмір салтын насихаттайтын, єлемдік жєне ±лттыќ мєдениет пен µнер саласында ой-µрісі кењ, этнографиялыќ зерттеу ж±мысын білетін, ±шќыр ойлы, жаны с±лу, тєні таза, µнер салаларыныњ бірін игерген, мамандыќты тањдай білетін, ќорыта айтќанда ортада ќабілетті, уаќыт талабына сай шыњѓа шыќќан ынталы ±рпаќ даярлау болса. М±ндай шєкіртті даярлайтын ±стаз жоѓары адамгершіліктіњ ‰лгісі, білімін ‰немі кµтеріп отыратын, лаулаѓан жалын иесі жєне ќарапайым жылы лебізімен µзін сыйлата біліп ±лттыќ келбеті мен рухы жоѓары, ана тілінде тілі таза, ділі кіршіксіз, этнопедагогиканы с‰йіп ќ±рметтейтін болуы ќажетті деп есептеймін.

Ќоѓам осындай ±стаздарды даярлау ‰шін к‰ресу керек. Оќу сапасы, білім біліктігі, ±рпаќ тазалыѓына ќол жеткізу ‰шін, алдымен м±ѓалімді мыќты етіп даярлау ќажеттігі µз-µзімен кµрініп т±р. Ќазаќтыњ дєст‰рлі отбасы жєне отбасылыќ ќарым-ќатынастарѓа, ќыз бала, ер бала тєрбиесі, жыныстыќ тєрбие ќолѓа алынуы ќажетті.

Ќазаќтыњ некелесу єдет-ѓ±рпы µрескел б±зылѓандыќтан, жастардыњ арасындаѓы ќателіктер, µмірлерініњ б±зылуы алдын-ала тєрбие ж±мысын жандандыру, некелесу дєст‰рі, отбасындаѓы єйелдер жаѓдайы, ерлердіњ отбасындаѓы алар орны, кµп єйел алу салты, т.б. саналарына сіњірілуі міндетті. Ќазаќ халќыныњ 555-ден аса ырым-тиымдарынан алдымен ±стаздар хабардар болуы керек. Тіпті, µзге ±лттардыњ Ќазаќстандыќ патриотизмін оятып, негізгі ±лт – ќазаќ халќыныњ салт-дєст‰рінен информациясы болуы ќажет.

Таза ќазаќ менталитетіндегі білімді, мєдениетті ±рпаќ даярлау жолында шаршамай, шыѓармашылыќпен ж±мыс жасап, ±лтымызѓа д±рыс ењбегімізді сіњіріп, шындыѓында да аѓартушы ±стаз екенімізді єрќайсысымыз ќоѓамѓа, халыќќа, шєкірттерімізге дєлелдей білейік демекпін.


СЕЙТЕН ТАЃЫЛЫМДАРЫ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОЌУШЫЛАРЫНА ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫЌ ТЄРБИЕ БЕРУДІЊ ЄДІСТЕМЕЛЕРІ


Ќ±рсабаев М.Ќ.,- Кµкшетау университетініњ доценті


Бастауыш сынып оќушыларына сабаќ ‰рдістерімен ќатар этноэкологиялыќ тєрбие беру табиѓат ќ±былыстарын танып-білуге жєне ќорѓауѓа деген сезімдерініњ ќалыптасуына єсерін тигізетінін ѓалымдар дєлелдеп отыр. Осы орайда Сейтен Сауытбеков шыѓармаларын пайдаланудыњ мањызы зор. Шыѓармашылыќ ж±мыстыњ басын «Сейтен Сауытбеков жєне жас ±рпаќ » атты тест с±раќтары бойынша бастаѓан жµн. Тест с±раќтары мынадай таќырыптарды негізінде т‰зілгені д±рыс:



Рет саны

С±раќтар



1-ші

жауап

2-ші

жауап

3-ші

жауап

4-ші

жауап

5-ші

жауап

Д±рыс

жауап


1


С.Л.Сауытбеков

ќай жылы

д‰ниеге келді


1903


1907


1910


1908


1909


4

2


СЛ..Сауытбеков Ќазаќстан

ныњ

ќай облысында ж±мыс атќарды


Аќмола облысы


Ќостанай облысы


Шыѓыс Ќазаќ

стан облысы


Ќара

ѓанды

облысы


Солт‰стік Ќазаќстан облысы


5

3


«Таѓылым

тегі» кітабы

ќай жылы

жазылды


1992


1994


1990


1996


1991


2

4


С.Сауытбековты «¦стаздар

дыњ

±стазы» деп

атаѓан жазушы


Ѓ.М‰сірепов


С.М±ќанов


М.Ж±ма

баев


С.Сейфуллин


Н.Ќ±лжа

нова


2

5


Солт‰стік

Ќазаќстан

облысы,

Шалаќын

ауданы, Балуан

орта

мектебіне С.Сауытбековтыњ есімі ќай

жылы берілді,


1997


1998


2003


2000


2001


3

6


С.Л.Сауытбеков

ќандай шет

тілдерін мењгерді



Аѓыл

шын


Ќытай


Француз


Неміс


Араб-парсы

5

7


С.Л.Сауытбеков



Аѓарту

шы


Жазушы


¦стаз


Аќын


Ѓалым

Барлыѓы д±рыс


8


«Таѓылым тегі»

кітабы



Пєн оќулыѓы


Ѓылыми ењбек


Маќалалар жинаѓы

Ќазаќ этнопедагогикасына арналѓан шыѓарма


Поэзия

лыќ шыѓарма

лар

4

9


Экология таќырыбына арналѓан Сауытбеков ертегісін кµрсет



Ќосбар

маќ


Ќуат


Керім

д‰р


Ќара ќауырсын жєне асыл ќасиет


Аќазу арлан

4

10


Б‰ркіт ќалай тіл ќатады (С.Сауытбековтыњ кітабы бойынша)



С±њќылдайды


Шыќылыќтайды


Шањќыл дайды


Сыњќл дайды


Ќаќылыќ тайды

3

11


Жылќы ќалай ‰н шыѓарады.



Мекіренеді


Пысќырады


¤кіреді


Боздайды



Кісінейді

5

12


Бµдене ќалай тіл ќатады.




Ысќыра

ды


Уілдейді


Бытпылыќ тайды


Пырылдай

ды


Шаќыра

ды

3

13


«Кµкті ж±лма» деген сµздіњ маѓынасы.



Жануарлар д‰ниесін ќорѓау


‡й жануар

ларын ќорѓау


¤сімдік жамыл

ѓысын ќорѓау



¤зен-су бассейндерін ќорѓау


Жер ќойнауын

даѓы байлыќ

тарды ќорѓау


3

14


«Адамныњ аѓзалары» атты таќырыпты ќай сабаќта ќолдануѓа болады.



Валеоло

гия


Ана тілі


Ќазаќ тілі


Бейнелеу µнері


Шетел тілі

1



Аталмыш тестология ‰лгісінде берілген ±сынысты сыныптан тыс ж±мыстарда пайдаланѓан абзал. Тест с±раќтары «Таѓылым тегі» кітабы негізінде ќ±ралу барысында, мектептегі пєн оќулыќтарын пайдаланѓан тиімді.

Ќазаќтыњ тыйым сµздері негізінде ќ±ралѓан С.Сауытбеков шыѓармаларын бастауыш сыныптардаѓы тєрбие ж±мыстарында ж‰зеге асыру б‰гінгі тањда аса ќажет. Тыйым сµздер - этнофилософиялыќ ±ѓымдармен астарласып келетіні шындыќ.

Сондыќтан ол д‰ниелерді жас ±рпаќтыњ танымдыќ-интеллектуалдыќ жєне мінез-ќ±лыќ ерекшеліктеріне сай ќ±растыру, талай тер тµгуді ќажет ететін шаруа.

Тыйым сµздер таќырыбы ана тілі сабаѓында кµрініс тауып, оќушыларѓа ±лттыќ тєрбие беруде тамаша кµмекші ќ±рал бола алады.

Дегенмен, тыйым сµз дєст‰рлерін сыныптан тыс ж±мыстарда пайдаланудыњ тиімді екенін м±ѓалімдер тєжірибелері кµрсетіп отыр. Тєрбие ж±мысын жоспарлау кешенді ж‰ргізілуі шарт.

Оныњ негізгі компоненттері болып - оќушыларѓа ќосымша тапсырмалар беру, сабаќтыњ таќырыбымен ±штастыру жєне берген тапсырмалардан нєтиже шыѓару болмаќ.

Осы таќырыпќа байланысты мынадай тапсырма беруге болады:

1-ші тапсырма

1. С.Сауытбековтыњ тыйым сµздеріндегі экологиялыќ мєні бар сµздерді топќа бµліп алу.

а) µсімдік жамылѓысына байланысты таќырыптар (фитоэкология).

Мысалы «кµкті ж±лма», «малды терекпен айдама», «жалѓыз аѓашты кеспе».

є) Адам экологиясына байланысты ±ѓымдар (антропоэкология).

Мысалы «дємге ќарап жµтелме», «ата-анањды ќ±рметте», «‰лкен адамныњ сµзін бµлме», «кісіге ќиянат жасама», «кем болма кењ бол», « тізењді ќ±шаќтама», «шашыњды жайма».

б) Геоэкология таќырыбына байланысты ±ѓымдар.

Мысалы: « отты шашпа», «айѓа ќарап ќолыњды шошайтпа»,

в) Зооэкология таќырыбына байланысты ±ѓымдар. Мысалы: «малды теппе», «мал ќораѓа дєреттенбе», «аќты тµкпе», «малды ќ±р ќол айдама», «жайдаќ атќа отырып жарыспа».

г) Гидроэкология таќырыбына байланысты ±ѓымдар.

Мысалы: « су ішкен ќ±дыѓыња т‰кірме», « шелектегі суѓа аузыњды малма», «т‰нде суѓа барма».

ѓ) Орнитоэкология таќырыбына байланысты ±ѓымдар.

Мысалы: «ќ±с ±ясын б±зба», «аќќуды атпа», «нан т‰йірін ‰й ќ±старына бер»

2-ші тапсырма

а) Жоѓарыда аталѓан алты баѓыт бойынша єр сыныптан алты кішігірім микротоптар ќ±ру.

є) Єр топќа шыѓармашылыќ тапсырмалар беру (альбомдар жасау, тыйым сµздіњ маѓынасы туралы єжесініњ єњгімесін тыњдау жєне жазып келу) .

б) Єр т‰рлі баѓыттар бойынша ойын-сайыстар ±йымдастыру.

в) С.Л.Сауытбековтыњ «Таѓылым тегі» кітабы бойынша сахналыќ ќойылымдар µткізу

Оќушыларѓа этноэкологиялыќ тєрбие беруде техникалыќ ќ±ралдарды пайдаланѓан жµн. Ќазіргі мектеп практикасында ол єдістемелерге байланысты мол тєжірибелер жинаќталѓан. Сондыќтан практика ж‰зінде мынадай ж±мыстар атќаруѓа болады.

1. Жабайы ањдар мен ‰й жануарларыныњ дауыстары жазылѓан аудиотаспалыќ ‰ндерді тыњдау.

2. Ќ±стардыњ ‰ндері жазылѓан аудиотаспаларды пайдалану.

3. Табиѓат ќ±былыстары (жел, боран, жањбыр, найзаѓай, кµшкін, µрт т.б.) бейнеленген аудио-видео таспа материалдарын пайдалану.

4. М±хит толќыны жєне су аѓысы туралы аудио-видео таспа материалдарын пайдалану.

5. Экологиялыќ таќырыптарѓа арналѓан мультипликациялыќ фильмдер шыѓару жєне пайдалану.

Осы орайда біздер, экологиялыќ таќырыптарѓа арналѓан С.Сауытбековтыњ «Жануарлар былай ‰н шыѓарады» атты мультипликациялыќ фильмдерді ѓылыми зерттеу ж±мыстарына пайдалану арќылы балалардыњ ќызыѓушылыќ дењгейлерін байќадыќ. Ол шыѓармашылыќ єрекеттер мынадай кµріністермен µрнектелді:

а) Экологиялыќ мультфильмніњ маќсаты:

- Оќушыларѓа халыќтыњ табиѓатты ќорѓау дєст‰рлері негізінде этноэкологиялыќ тєлім-тєрбие беру;

- ќоршаѓан орта мен жануарлар д‰ниесін терењ оќып-тануѓа жєне ќорѓауѓа деген жоѓарѓы сезімдерін ќалыптастыру;

- Жас ±рпаќтыњ этноэкологиялыќ білім мен тєрбиеге деген ерекше ќ±штарлыѓыныњ артуына жаѓдай туѓызу;

- Бастауыш сыныптарда экология мен табиѓатты ќорѓау таќырыптарына жаќын пєн сабаќтарындаѓы д‰ниелерді байланыстыра отырып, балаларѓа кешенді т‰рде этноэкологиялыќ тєрбие берудіњ жолдарын іздестіру;

є) Ќосымша маѓл±маттар:

- компьютерлік технологияныњ соњѓы жетістіктерін пайдалана отырып, экологиялыќ таќырыпќа арналѓан балалар фильмдерін шыѓару жєне оќу-тєрбие ж±мыстарында пайдалану;

- жас ±рпаќ санасында экологиялыќ мєдениет сезімін ќалыптастыру;

б) Негізгі іс-єрекеттер:

- « Жануарлар былай ‰н шыѓарады» атты мультипликациялыќ фильмді ±жымды т‰рде кµріп-тамашалау;

- Мультипликациялыќ фильмді оќушылармен бірлесе отырып талдау;

- Аталмыш фильмнен алѓан єсері жµнінде єр баланыњ пікірін білу жєне баѓалау;

Аталмыш ±сыныстарды басшылыќќа ала отырып, тєрбие ‰рдістерін шыѓармашылыќ т±рѓыда ±йымдастыру айтарлыќтай эффекті беретіні аныќ.

¤йткені, тапсырманы орындау жєне экологиялыќ фильмді кµру арќылы эксперименттік топтарда мынадай кµрсеткіштер аныќталды:

а) Экспериментке дейінгі кµрсеткіш


Эксперименттік

топтар

Тµменгі

дењгей

Орта дењгей

Жоѓарѓы

дењгей

Т-1

16,2 %

21,3 %

31,4 %

Т-2

14,3 %

19,5 %

28,7 %


є) Эксперименттен кейінгі кµрсеткіш

Т-1

13,7 %

18,6 %

34,7 %

Т-2

11,6 %

16,3 %

31,4 %


Кµрсеткіштер ішіндегі жоѓарѓы дењгейдіњ біртіндеп µсуі - оќушылардыњ экологиялыќ мєселелерге назар аудара бастаѓаныныњ белгісі дер едік. Ол жетістіктерге ќол жеткізуіміз - жоѓарыда айтылып µткен міндет-маќсаттарды ойдаѓыдай атќарудыњ нєтижесінде деп білеміз. М±ѓалімдер аталмыш маќсаттарды ж‰зеге асыруда тек ќана, наќты ±сыныстармен шектеліп ќалмай, оќушыларѓа ќосымша тапсырмалар беруді дєст‰рге айналдырѓан жµн. Тапсырма мµлшері мен оќушыныњ жауапкершілік дењгейі жас ерекшеліктерге байланысты талап етілуі тиіс. Сондыќтан, оќушылардыњ жас ерекшеліктеріне ќарай этноэкологиялыќ тєрбие беру Т±жырымдамасы жасалѓаны шарт.


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35

Похожие:

Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconҒылыми-практикалық конференциясының материалдары
Сейтен Сауытбековтың 100 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық «Сейтен тағылымдары»

Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары icon№4 Сағынов оқулары Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері
Сағынов оқулары Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері, 28-29 маусым 2012 ж. 3 бөлімде. 2-бөлім/ Қр білім және...

Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconХалықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары
Кӛкшетау мемлекеттік университетінің 50 жылдық мерейтойына арналған шоқан

Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconЕкі томдық халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары 1-том
Оформление. Гоу впо «Омский isbn 978-5-7779-1125-4 государственный университет им. Ф. М. Достоевского», 2010

Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconС. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
Республикасының тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған vi-республикалық халықаралық ғылыми практикалық конференция

Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconМинистерство образования и науки республики казахстан
...

Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconХалықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдары
Редакция алқасы: Сыдықов Е. Б.(жауапты редактор), Шаңбай Т.Қ., Әмірханов Қ. Ж., Дүйсенбаев С. Т.,Еспенбетов А. С., Молдажанова Ә....

Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconХалықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 9-10 маусым 2011ж
Репродуктивное здоровье и гинекология. Проблемы и перспективы: Материалы международной научно-практической конференции. Reproductive...

Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconМонография Павлодар 2012
Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологиялары ғылыми-практикалық орталығы

Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары icon«Методическое обеспечение успешной деятельности школьников в образовательном пространстве школы»
«Мектеп білім кеңістігінде оқушылардың табысты қызметінің әдістемелік қамтамазыз ету» тақырып бойынша ғалыми оқушылар педагогикалық...


Разместите кнопку на своём сайте:
lib.convdocs.org


База данных защищена авторским правом ©lib.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
lib.convdocs.org
Главная страница