Отчет о выполнении медиа-плана по III астанинскому экономическому форуму на тему: «Устойчивый экономический рост в посткризисный период»




НазваниеОтчет о выполнении медиа-плана по III астанинскому экономическому форуму на тему: «Устойчивый экономический рост в посткризисный период»
страница14/71
Дата конвертации27.05.2013
Размер8.63 Mb.
ТипОтчет
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71

АСТАНА ФОРУМЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА ЖОЛ АШПАҚ



Егемен Қазақстан: 21.05.2010


Автор: БАҚЫТ БАЛҒАРИНА

Третий экономический форум Астаны

Астана қаласында 1-2 шілдеде “Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі тұрақты экономикалық өсім” атты экономикалық үшінші форум өз жұмысын бастамақ. Биылғы жылы әлемнің елу мемлекетінен келетін саяси және іскер ортаның екі мыңнан астам өкілдерін жинайтын үшінші экономикалық форум қарсаңында Алматыда осы ірі шараға арналған баспасөз мәслихаты болып өтті.
Баспасөз мәслихатына қатысқан ел Президентінің көмекшісі Бақыт Сұлтанов Қазақстан астанасында жыл сайын өткізілетін дәстүрлі форумның күн тәртібіндегі өзекті мәселе – әлемдік дағдарыстан кейінгі тұрақты даму төңірегінде сөз қозғады. Оның айтуынша, Астана экономикалық форумының маңыздылығы уақыт өткен сайын арта түсуде, оның өзіндік себептері де бар. Биылғы форумға қатысушылардың арасында Нобель сый­лығының үш бірдей лауреатының болуы да көп нәрседен хабар берсе керек.

Экономикалық мәселелерді ортаға салатын ірі форум Мемлекет басшысының бастамасымен дүниеге келген. Бұл орайда, Санкт-Петербургте 2007 жылы өткен экономикалық форумда Президент ғалымдардың Еуразия экономикалық клубын құру туралы бастама көтеріп, сол клубтың тілдестік алаңы Астана экономикалық форумы болғандығын атап айту қажет.
Бақыт Сұлтанов баспасөз мәслихатына жиналғандарға Астана экономикалық үшінші форумының негізгі ерекшеліктері жөнінде жан-жақты баяндап берді.

– Шетелдік кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілер және өзге де салалардың басшылары қатысатын іскерлік форумы Астана экономикалық форумындағы үлкен оқиғаға айналады деп күтілуде. Бұл басқосудағы басты мақсат – Еуразия кеңістігінде өзара сауда-экономикалық байланыстар және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған іскерлік конгресін құру болып табылады. Тағы бір атап айтатын жәйт, үшінші форум “G 20”-ның биыл өтетін екі саммитінің аралығында ашылмақ. Анығырақ айтқанда, “G 20”-ның бір саммиті – Торонтода, ал екіншісі Сеул қаласында өтіледі деп жоспарлануда. Жиында әлемдік дағдарыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланбақ, – дейді Бақыт Тұрлыханұлы.
Форумға қатысушылардың арасында ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, Экономикалық ықпалдастық жөніндегі ұйымның бас хатшысы, Ауғанстан президенті кеңесшісі Мұхаммад Мааруфи және Еуропа орталық банкі, Азия Даму банкі, ірі инвестициялық компаниялар және өзге де ірі ұйымдар өкілдері бар. Жиын шеңберінде дағдарыстан кейінгі реттеу жағдайында исламдық қаржыландыруды реттеу тетіктеріне арналған халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылады.

Мемлекет басшысының көмекшісі Астанадағы экономикалық үшінші форум аясында инновациялық технологияларды дамытуда маңызды рөл атқаратын инновациялық конгресс өткізілетіндігін де хабарлады. Ұлттық инновациялық экономиканы дамытудың озық тәжірибесімен және Орталық Азия елдері мен Қазақстанда инновациялық саясаттарға арналған ұсыныстарымен Финляндия, Норвегия, Германия, Корея, Франция және Израиль елдерінің инновациялар және технологиялар жөніндегі мемлекеттік құрылымдарының өкілдері ой бөліспек. Сонымен қатар, аталған іс-шара аясында индустриялық-инновациялық жобалар мен ғылыми еңбектер көрмесі де ұйымдастырылады.

БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ: "2010 ЖЫЛДАҒЫ ЖАЛПЫ ІШКІ ӨНІМНІҢ НАҚТЫ ӨСІМІ 2 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАЙДЫ"



Қазақпарат: 21.05.2010


Автор: МАРАТ БЕКЖАНОВ

Үстіміздегі жылдың 1-2 шілдесінде "Дағдарыстан кейінгі тұрақты экономикалық даму кезеңі" деген тақырыпта өтетін ІІІ Астаналық экономикалық форумға Нобель сыйлығының үш иегері қатысатын болды. Олар - ФИНН КИДЛАНД, РОБЕРТ АУМАНН және ГОБЕРТ МАНДЕЛ. Бұл туралы мамырдың 19-да Алматы журналистеріне арнап он-лайн жүйеде баспасөз мәслихатъш өткізген ҚР Президетінің көмекшісі БАҚЫТ СҰЛТАНОВ мәлім етті. Әлемнің барлық экономистерінің басын қосуды мақсат тұтқан бұл форум мемлекет басшысынын бастамасымен және оның жеке басшылығымен өткізілмекші. Оған ірі халықаралық ұйымдардың өкілдерінен бастап халықаралық банк басшылары, энергетика, мұнай және газ саласының, қаржы институттарының білікті мамандары қатыспақ. Осы мақсатта Астанада шілденің алғашқы күндері елуден астам мемлекеттен 2000 өкіл бас қосады деп пайымдалған. Осы және аталған экономикалық форумның өзге де артықшылықтарына өз сөзінде егжей-тегжей тоқталған Бақыт Сұлтанов арнайы баспасөз мәслихатына жиналған алматылық журналистерге сұхбат та берген еді.
Тұрақты экономикалык дамуға кол жеткізу бір күннің ісі емес. Казақстан әлемдік қаржы дағдарысына төзе білді. Осындай қиын-қыстау кезеңде бірқатар бағдарлама да қабылдадық. Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банк әзірлеген Дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасында біз дағдарыспен күресудің ғана емес, сонымен қатар дағдарыстан кейін тұрақты дамуға бетбұрыс жасау шараларын да ескердік. Оған, мәселен, Үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасын жатқызуға болады.

Аталған бағдарламаға сәйкес, биыл 44 жаңа индустриалды-инновациялық жоба іске қосылуы тиіс. Оның инвестициялық көлемі де қомақты. Сондықтан ол өз кезегінде біздің дағдарыстан кейінгі тұрақты дамуға аяқ басқанымыздың көрсеткіші бола алады. Әрине, дәл қазір осы бағытта қандай да бір жетістікке қол жеткіздік деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Алайда, бұл белесті еңсеретінімізге сілтеме жасайтын бізде нақты негіздер бар".
- ІІІ Астаналық экономикалық форумды ұйымдастыру жұмысы қай құзырлы орынға жүктелген, оны кім қаржыландырады, оған шамамен қанша ақша жұмсалады деп отырсыздар?
- Аталған форумның ұйымдастырушысы Астана экономикалық клубы болып табылады. Сондықтан былтыр бұл шараны өткізуге жұмсалған қаржының басым бөлігін демеушілердің ресурсы құраған болатын. Алайда, биыл бұл форумның маңыздылығы артып отырғанына байланысты республикалық бюджеттен 300 млн теңге көлемінде қаржы бөлінбекші.
- Қазақстан тұрақты экономикалық өсу кезеңіне аяқ басты деп нақты айта аласыз ба?
- Тұрақты экономикалық даму керек. Әрине, оған қол жеткізу бір күннің ісі емес. Қазақстан әлемдік қаржы дағдарысында шыдамдылық танытып, оған төзе білді. Біз осындай қиын-қыстау кезеңде тұрақты экономикалық дамуды сөз ете бастадық. Осы бағытта бірқатар бағдарлама да қабылдадық. Яғни, Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банк әзірлеген Дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасында біз дағдарыспен күресудің ғана емес, сонымен қатар дағдарыстан кейін тұрақты дамуға бетбұрыс жасау шараларын да қарастырдық. Оған, мәселен, жүзеге асырылуы биыл қолға алынған Үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламаны жатқызуға болады. Біз бұл бағдарламаны әлемдік қаржы дағдарысы қыспаққа алған қиын-қыстау кезеңде жасаған болатынбыз. Аталған бағдарламаға сәйкес, биыл 44 жаңа индустриалды-инновациялық жоба іске қосылуы тиіс. Оның инвестициялық көлемі де қомақты. Сондықтан ол өз кезегінде біздің дағдарыстан кейінгі тұрақты дамуға аяқ басқанымыздың көрсеткіші бола алады деп айтар едім. Әрине, дәл қазір осы бағытта қандай да бір жетістікке қол жеткіздік деп нақты айта алмаймыз. Алайда, бұл белесті еңсеретінімізге сілтеме жасайтын бізде нақты негіздер бар.
- Сіз Экономика және бюджетті жоспарлау министрі болып тұрған кезде 2010 жылдың жалпы ішкі өнім көрсеткішінің өсімі 2,4 пайыз болады делінген еді. Торт ай бұрын бұл болжам көрсеткіші 2,2 пайызға қысқартылды. Осыған қатысты сіздің бүгінгі таңдағы пікіріңізді білуге бола ма?
- Мен Экономика және бюджетті жоспарлау министрі болып тұрған кезімде әрдайым біздің болжам мен пайымдарымыз дәстүрлі ұстанымдар негізінде жасалатындығын айтып отыратынмын. Яғни, мұндай болжамдарда халықаралық көрсеткіштермен қатар, ішкі даму факторлары да есепке алынады.

Соңғы халықаралық экономикалық даму бойынша қосымша жүргізілген кеңестен кейін бұл көрсеткіш 2,4 пайыздан 2,2 пайызға қысқартылды. Әлемдік экономикадағы құбылыстар мен процестер ішкі экономикалық көрсеткіштерге әрдайым әсер етіп отыратындығы белгілі. Сондықтан бұл арада әлемдік экономикадағы тұрақсыздық өзіндік рөл атқарды деп айтуға болады. Ал, жеке менін пікіріме келетін болсақ, 2010 жылдағы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 2 пайызды құрайды.

Құзырлы мемлекеттік органдар осы талапты орындай алмай жатса, олар жазалана ма? Мысалы, орнын ауыстырған министрлерден осы негіздегі жауапкершілік алынып тасталады ма?
- Бұл бағыттағы жұмыс корпоративтік сектор тәжірибесі негізінде мемлекеттік басқару қызметіне енді дендеп енгізіліп жатыр. Иә, оның басты ерекшелігі - бюджеттік бағдарламалар дамудың стратегиялық мақсаттарымен үйлестірілуі тиіс, бұл арада басты міндет қаржыны игеруге емес, нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталады, бюджеттік бағдарламалар мемлекеттік органдардың жұмысын қамтамасыз етуге емес, халыққа, бизнеске қызмет көрсетуге, мемлекеттік органдардың өзара әріптестігі үшін жүмыс істеуі тиіс. Әрине, оны орындай алмай жатқан қүзырлы мекеме басшылары өз жазасын алуы керек, өзіне жүктелген жауапкершілікті сезінуі тиіс. Алайда, бұл бір күнде шешілетін мәселе емес қой...
Бұл арада дұрыс таңдау жасай білу маңызды. Мысалы, стратегиялық мақсаттарды айқындауда, стратегиялық индикаторлар мен қолда бар нақты ресурстар көрсеткішін белгілеуде дегендей. Осы жұмыстар ел үкіметі, Президент әкімшілігімен қатар, мемлекеттік органдардың барлық деңгейінде де жүргізілу үстінде. Оны аяқтаған соң Нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлауды республика аймақтары бойынша сынаққа салатын боламыз.
- Қазір Есеп комитеті бюджеттен бөлінген ақшаның мақсатсыз жұмсалатынын, сол сияқты, оның аймақтар бойынша дер кезінде игерілмей қалып жататынын әр кезде баса айтып жүр. Қағажу болған бұл мәселе өз шешімін табады деп ойлайсыз ба?

- Бюджеттік жоспарлау процесінде көптеген өзгеріс орын алып жатады. Дегенмен аталған мәселеде бюджетті дұрыс жоспарлауға, ақшаның мақсатты игерілуін ұйымдастыруға және оны бақылауға үлкен мән берген жөн. Осы бағытта үкіметн бірқатар шараларды қабылдағанын білесіздер. Нақты нәтижеге бағытталған бюджет пен мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу, оның тұжырымдамасы бойынша қабылданған іс-шаралар жоспарын айқындау, жаңа Бюджет кодексін қолданысқа беру деген секілді.

Бюджеттік кодекстің басты идеясы - мемлекеттік органдардың қызметін нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағыттау. Яғни, мемлекеттік органдарға бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.

Бюджетті атқару барысында мемлекеттік органдар мониторинг негізінде талдап жасалған және стратегиялық жоспарларда бекітілген өз міндеттемелерінің орындалу деңгейін қадағалап отырады. Міне, осының бәрі толықтай жүзеге асырылып, күнделікті өмірден көрініс тапқанда сіз айтып отырған мәселенің шешімі табылады деп сенемін.

- Елбасы сізді осы қызметке тағайындар кезінде "оған жаңа қызметі ұнайтын болады" деп еді. Сонымен, сізге қазіргі қызметіңіз ұнай ма?

- Ұнағанда қалай, әрине. Ұнайды!..

3 АСТАНИНСКИЙ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ ФОРУМ ПРОЙДЕТ 1-2 ИЮЛЯ

2
25 мая 2010 г.
4.05.2010 г. 11:26



Третий Астанинский экономический форум пройдет 1-2 июля. В этом году он будет посвящен теме «Устойчивый экономический рост в посткризисный период». Ежегодный экономический форум соберет в этом году более 2 000 представителей политических и деловых кругов из более чем 50 стран мира, а также ведущих ученых, представителей общественности и средств массовой информации, чтобы обсудить ключевые вопросы развития глобальной экономики. Высокие гости выступят с докладами и примут участие в дискуссиях по актуальным вопросам обеспечения социально-экономической безопасности в посткризисный период.



25 мая 2010 г.




АСТАНАЛЫҚ ФОРУМ ШІЛДЕ АЙЫНДА ӨТЕДІ



Айқын: 25.05.2010


Шілде айының 1-2 күңдері Елордада «Үшінші Астаналық Экономикалық форум» өтеді. Биылғы форум «Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі тұрақты экономикалық өсім» тақырыбына арпалмақ. Жыл сайын өтетін дәстүрлі форумға биыл әлемнің 50 мемлекетінен 2 мыңнан астам маман жиналады деп күтілуде.

Форумға шақыртылған спикерлердің арасында ЕҚЫҰ бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы, Ауғанстан президентінің кеңесшісі Мұхаммад Мааруфи бар. Сондай-ақ жаһандық экономиканың ең өткір сұрақтарын талқылауға экономист-ғалымдар, экономика жөнінен Нобель сыйлығының лауреаттары, Еуразиялық қайта құру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық орталық банк, энергетика және мұнай-газ саласындағы компаниялар мен ірі инвестициялық компаниялардың басшылары мен өкілдері келеді деп жоспарлануда.

Сондай-ақ форум аясында дағдарыстан кейінгі кезеңде исламдық қаржыландыру тетіктерін реттеу тақырыбына арналған халықаралық ғылыми конференция өтпек. Бұл шараның басты мақсаты - Қазақстандағы исламдық қаржыландыруды реттеудің толыққанды жүйесін қалыптастыру. Сарапшылардың пайымдауынша, дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық өсімнің негізі - жемісті әрі тиімді жұмыс істейтін ұлттық инновациялық жүйе. Сол себепті «Үшінші Астаналық Экономикалық форум» аясында инновациялық технологияларды дамытумен айналысатын мамандар мен компаниялар Инновациялық Конгрессте бас қоспақ. Финляндия, Норвегия, Германия, Корея, Франция және Израиль сияқты мемлекеттердің инновациялар мен технологияларға жауап беретін мемлекеттік құрылымдары ұлттық инновациялық экономиканы дамыту жолындағы өз тәжірибелерімен бөліседі.


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІШКІ ЖАЛПЫ ӨНІМНІҢ СОҢҒЫ ТӨРТ АЙДА ҚАРҚЫНМЕН ӨСУІ БІРНЕШЕ ФАУТОРЛАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН


Казахстан (ТВ) «Деловые новости»: 25.05.2010


Қазақстанның ішкі жалпы өнімнің соңғы төрт айда қарқынмен өсуі бірнеше фауторларға негізделген. Бизнес ресурс медиа холдингіне Елбасының көмекшісі Бақыт Сұлтанов мәлімдегендей елеулі өсімге энергокөздеріне деген бағаның жоғары болуы әсер еткен. Естеріңізге сала кетейік, экономикалық даму министрлігі мұнайдың барреліне баға 65 доллар деңгейінде сақталса, ішкі жалпы өнім екі пайызға артады деп болжам етті.

Бақыт Сұлтанов, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі: «Өткен жылдың алғашқы 2-3 айында төмендеу өрлесі анық байқалды. Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бөлінген қаржыны белсенді игеру өткен жылдың ортасында жүзеге асырылды. Осының бәрі бүгінгі нәтижеге әсер етіп отыр»




26 мая 2010 г.



ВВП КАЗАХСТАНА РАСТЕТ НА ФОНЕ ПОДОРОЖАНИЯ НЕФТИ



Profinance.kz: 26.05.2010


Автор: АРМАН ДЖАКУБ

Основными причинами динамичного роста ВВП Казахстана стали повышение цен на нефть, эффект «низкой базы» и антикризисные средства государства. Об этом корреспонденту Business Resource сообщил помощник президента РК, экс-министр экономики и бюджетного планирования РК Бахыт Султанов.

«Столь бурный рост связан прежде всего с тем, что первые 3 месяца прошлого года наблюдалось снижение ВВП и эффект низкой базы налицо (в сравнении I квартал 2010 года на I квартал 2009 года - прим. Business Resource). Также ключевую роль сыграла стоимость казахстанских энергоносителей и средства, выделенные в рамках антикризисной программы, активная фаза освоения которых выпала на середину прошлого года. Это в совокупности и отразилось на сегодняшнем результате», - отметил Б. Султанов. При этом, он остался верен своему прогнозу относительно роста казахстанской экономики в 2010 году.
Напомним, что в начале текущего года Б. Султанов заявил, что рост ВВП в 2010 году составит около 2%. При этом, аналитики ATFBank Research предполагают рост на уровне 3,5%, а рейтинговое агентство Standart & Poor’s и Международный валютный фонд на уровне 5%. Между тем, рост ВВП за 4 месяца текущего года составил 7,1%.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71

Похожие:

Отчет о выполнении медиа-плана по III астанинскому экономическому форуму на тему: «Устойчивый экономический рост в посткризисный период» iconОтчет о выполнении медиа-плана по V астанинскому экономическому форуму 22-24 мая 2012 года
Охватывает все актуальные вопросы, возникающие в каждодневной жизни граждан нашей республики, а также направлено на индустриально-инновационное...

Отчет о выполнении медиа-плана по III астанинскому экономическому форуму на тему: «Устойчивый экономический рост в посткризисный период» iconОтчет о выполнении Плана действий Администрации Таврического муниципального района по социально-экономическому развитию за I квартал 2012 года №
Отчет о выполнении Плана действий Администрации Таврического муниципального района по социально-экономическому развитию за I квартал...

Отчет о выполнении медиа-плана по III астанинскому экономическому форуму на тему: «Устойчивый экономический рост в посткризисный период» iconЛекция по теме «экономический рост. Экономические циклы» 1 вопрос. Экономический рост
...

Отчет о выполнении медиа-плана по III астанинскому экономическому форуму на тему: «Устойчивый экономический рост в посткризисный период» iconАнализ текущей ситуации и тенденции развития соответствующих отраслей (сфер) деятельности
Миссия: формирование и реализация государственной политики в области образования и науки, обеспечивающей конкурентоспособность и...

Отчет о выполнении медиа-плана по III астанинскому экономическому форуму на тему: «Устойчивый экономический рост в посткризисный период» iconПрограмма по обеспечению детей дошкольным воспитанием и обучением «Балапан» на 2010 2014 годы
Миссия: формирование и реализация государственной политики в области образования и науки, обеспечивающей конкурентоспособность и...

Отчет о выполнении медиа-плана по III астанинскому экономическому форуму на тему: «Устойчивый экономический рост в посткризисный период» iconСтраны
Народонаселение, поступательный экономический рост и устойчивое развитие (глава III) 4

Отчет о выполнении медиа-плана по III астанинскому экономическому форуму на тему: «Устойчивый экономический рост в посткризисный период» iconОтчет о выполнении государственного задания за III квартал 2012 года
Отчет автономного учреждения «Региональный институт управления» подготовлен с целью отражения показателей выполнения государственного...

Отчет о выполнении медиа-плана по III астанинскому экономическому форуму на тему: «Устойчивый экономический рост в посткризисный период» icon02 обращение председателя правления гсб рт «амонатбонк» address by the chairman of the board
...

Отчет о выполнении медиа-плана по III астанинскому экономическому форуму на тему: «Устойчивый экономический рост в посткризисный период» iconАнонс событий завтрашнего дня
Состоится пресс-конференция советника президента РФ а. Илларионова на тему: "Изменения климата и экономический рост: можно ли их...

Отчет о выполнении медиа-плана по III астанинскому экономическому форуму на тему: «Устойчивый экономический рост в посткризисный период» iconОтчет о выполнении плана
В 2011 году продолжилось восстановление экономики. Наметилась устойчивая тенденция экономического роста


Разместите кнопку на своём сайте:
lib.convdocs.org


База данных защищена авторским правом ©lib.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
lib.convdocs.org
Главная страница