Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары




НазваниеҒылыми-практикалық конференциясының материалдары
страница1/54
Дата конвертации28.05.2013
Размер8.04 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54


Қазақстан Республикасы

Көкшетау университеті

Қазақ этнопедагогикасы һәм этнопсихологиясы ғылыми-зерттеу орталығы

Республика Казахстан

Кокшетауский университет

Научно-исследовательский центр казахской этнопедагогики и этнопсихологии

The Republic of Kazakhstan

Kokshetau University

The Central science-research of Kazakh ethnopedagogical & national pshicological


Сейтен Сауытбековтың 100 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық «Сейтен тағылымдары»

ғылыми-практикалық конференциясының

МАТЕРИАЛДАРЫ

МАТЕРИАЛЫ

Международной научно-практической конференции

«Сейтеновские чтения» посвященной, 100-летию со дня рождения Сейтена Сауытбекова


MATERIALS OF

International science-practical conference, devoted the 100-th birth of Seiten Sautbekov “Seyten ‘s readings”


Көкшетау шаһары, 2007 жыл


ББК 72.4 (І)

В 38


Сейтен Сауытбековтың 100 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы. Қазақстан, Көкшетау, 18-20 мамыр, 2007 жыл. 384 бет.

Материалы Международной научно-практической конференции «Сейтеновские чтения» посвященной , 100-летию со дня рождения Сейтен Сауытбекова, Казахстан, Кокшетау, 18-20 май, 2007 год. 384 стр.

Materials of the international scientific - practical conference " Seyten readings ". Kazakhstan, Коkshetau, 2007 year, page 384.


Ғылыми басылымның Алқа мүшелері * Состав редакционной коллегии *The membevs of establishevs


Қасым Ж.Ж.., Көкшетау университетінің президенті, профессор

Әмірғазин Қ.Ж..,Омбы көркемсурет-өндірістік колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Абуов Қ.Қ., Көкшетау университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор

Г.Сейтенқызы., Көкшетау университетінің вице-президенті

Жүнісова А., «Мөлдір» Омбы қазақтары диаспорасы мәдени орталығының төрайымы

Кривошеев В.П., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Сартаев Ж.Н., медицина ғылымдарының докторы, профессор

Қамбаров Қ.И., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Зайберт В.Ф., тарих ғылымдарының докторы, профессор

Қабдиұлы Қ., техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Субханкулов М.Г., психология ғылымдарының кандидаты, доцент

Сеңкібаев С.Т., педагогика ғылымдарының кандидаты

Құрсабаев М.Қ., Көкшетау университеті қазақ этнопедагогикасы һәм этнопсихологиясы зертханасының жетекшісі, редактор

Жетпісқалиев С.С., Көкшетау университетінің доценті

Конурбаев Т.А., Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты, доцент

Богданова А.О., Омбы көркемсурет-өндірістік колледжі директорының орынбасары


ISBN 9965-721


1401000000

В ------------------------------


00 (05) – 04


Көкшетау университеті, 2007





СЕЙТЕН ЛИМАНҰЛЫ САУЫТБЕКОВ

(1907-1997)


СЕЙТЕН САУЫТБЕКОВ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МАҒЛҰМАТ




С.Л.Сауытбеков (1907-1997) Солтүстік Қазақстан облысы (бұрынғы Қызылжар уезі, 4-ші ауыл) Төңкеріс ауылы, Мүсірепов ауданында дүниеге келген. Әкесі Лейман молданың арқасында он үш жасында араб тілін жетік меңгеріп, Құран сүрелерін жатқа білген. 1923-1926 жылдары Кеңес үкіметі ұйымдастырған бастауыш мектепті үстемелете отырып үздік бітірген соң, Қызыл отаудағы халық ағарту бөлімінің нұсқауымен Шыбықкөл ауылында мұғалімдік қызмет атқарады. 1928 жылдары Майбалықтағы педагогикалық техникумның дайындық бөліміне және 1931 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогика институтының физика-математика факультетіне оқуға түседі. Алматыда оқып жүрген жылдары Сейтен қазақтың көрнекті қайраткерлері Ғабит Мүсірепов және Сәбит Мұқановпен тығыз шығармашылық қарым-қатынаста болған. 1932-1933 жылдардағы «голощекиндік геноцидтің» салдарынан пайда болған ашаршылық С.Сауытбековтың туған еліне қайтуына мәжбүр етеді. Ұлы Отан соғысы басталғанға дейінгі аралықта Сейтен Лейманұлы өзінің мұғалімдік қызметін жалғастырып, білікті мектеп басшысы ретінде танылады. Отан соғысы басталғанда Сейтен Сауытбеков көптің бірі болып майданға аттанып, қысқа мерзімді кіші офицерлер дайындайтын әскери бөлімде өзінің борышын өтейді.

Соғыстан кейінгі жылдары тәжірибелі ұстаз, білікті басшы ұзақ жылдар бойы білім саласында жұмыс істеді. Ол Ыбыраев, Балуан және басқа мектептерде басшылық қызмет атқарды. Балуан орта мектебін С.Л.Сауытбековтың – авторлық мектебі деп атауға болады. C.Сауытбековтың авторлық мектебінің тарихы мол. Ол туралы академик жазушы Сәбит Мұқанов мұғалімдердің бүкілодақтық съезінде ерекше тоқталып өткен. С.Сауытбеков 1950-1960 жылдары үкімет саясатына байланысты қазақ тілінде оқытылатын оқу орындарының жаппай қысқартылып немесе жабылып жатқан жылдары - өзі жетекшілік еткен ауыл мектебін сақтап қалған. Сейтен басқарған мектеп тәжірибесінің берері көп болды. Әсіресе, адамгершілік, эстетикалық, экологиялық және имандылық тәлім-тәрбие жұмыстары жақсы жолға қойылды. Мектеп жанынан Ақсақалдар (Билер) Алқасы құрылып тұрақты жұмыс істеді. Оқушылар бастамасымен «ауыл зоопаркі» ашылды. Көп жылғы жемісті педагогикалық еңбегінің арқасында Сейтен Лейманұлы «Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім» атты жоғарғы атаққа ие болады. С.Сауытбеков «Қазақ әліппесі» оқулығының авторы ретінде республикалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Қазақстанның белгілі жазушысы Герольд Бельгер С.Сауытбековтың оқушысы болып табылады. Айтулы айтыскер ақын Көкен Шәкеев – Сейтен Сауытбековты өзінің ұстазы санаған. С.Сауытбеков ұлағатты ұстаз, аса беделді мектеп басшысы әрі қамқоршысы бола жүріп ақын-жазушы ретінде танылды. 1970-1990 жылдар арасында құрметті демалысқа шыққаннан кейін, С.Л.Сауытбеков Қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясында ғылыми қызметкер, ҚР Мемлекеттік Ұлттық кітапханасындағы сирек кездесетін қолжазбалар бөлімінде аудармашы (көне араб-парсы тілдері) болып ғылыми қызметпен айналысты. С.Сауытбеков екі мыңнан астам көне араб-парсы тілдерінде жазылған түркі халықтарының шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Көп жылғы аудармашылық қызмет барысында С.Сауытбеков көнепарсы, урду, қадим, жәдид, тәжік, өзбек, қарақалпақ, татар, ұйғыр, түрік, әзербайжан, қарашай-черкес, құмық және жиырмаға жуық шығыс халықтарының тілін меңгерген. Сейтен Лейманұлы көптеген өлеңдер мен әңгімелер жазған. Автордың «Аютас», «Өс, бөбек», «Үлес», «Ақазу арлан», «Өртенген өлең», «Еңбек күйі», «Халықтар достығы», «Таң сәулесі» және басқа еңбектері жарыққа шықты. Аталған еңбектер ішіндегі педагогика тақырыбына жазған «Тағылым тегі» оқулығын ерекше атап өткен жөн. С.Л.Сауытбековтың әдеби-педагогикалық мұралары мен ағартушылық ғұмырнамасы жайлы М.Әлімбаев, Ғ.Қайырбеков, Т.Молдағалиев, Е.Мырзахметов, Т. Нұртазин, Қ.Омаров, Т.Қажыбаев, С.Жетпісқалиев, Н.Ысқақов еңбектер жазды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 497 Қаулысымен 2003 жылдың 30 мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Балуан орта мектебіне Сейтен Лейманұлының есімі берілді.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

Добавить в свой блог или на сайт

Похожие:

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары icon№4 Сағынов оқулары Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері
Сағынов оқулары Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері, 28-29 маусым 2012 ж. 3 бөлімде. 2-бөлім/ Қр білім және...

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconІіі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары
Кµкшетау, Ресей Федерациясы, Омбы, 2005 жыл, 289 бет. Материалы международной научно-практической конференции «Сейтеновские чтения»,...

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconХалықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары
Кӛкшетау мемлекеттік университетінің 50 жылдық мерейтойына арналған шоқан

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconЕкі томдық халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары 1-том
Оформление. Гоу впо «Омский isbn 978-5-7779-1125-4 государственный университет им. Ф. М. Достоевского», 2010

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconМонография Павлодар 2012
Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологиялары ғылыми-практикалық орталығы

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconС. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
Республикасының тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған vi-республикалық халықаралық ғылыми практикалық конференция

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconМинистерство образования и науки республики казахстан
...

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconХалықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдары
Редакция алқасы: Сыдықов Е. Б.(жауапты редактор), Шаңбай Т.Қ., Әмірханов Қ. Ж., Дүйсенбаев С. Т.,Еспенбетов А. С., Молдажанова Ә....

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары icon«Методическое обеспечение успешной деятельности школьников в образовательном пространстве школы»
«Мектеп білім кеңістігінде оқушылардың табысты қызметінің әдістемелік қамтамазыз ету» тақырып бойынша ғалыми оқушылар педагогикалық...

Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары iconМинистерство здравоохранения республики казахстан
Интегралды оқыту: жағдайы және даму бағыттары: республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Қарағанды: Қмму баспаханасы,...


Разместите кнопку на своём сайте:
lib.convdocs.org


База данных защищена авторским правом ©lib.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
lib.convdocs.org
Главная страница